USD
USD
USD

Кронавирусқа қарсы қай қан тобы қауқарлы?

Бір бірінен тәуелсіз зерттеу жүргізген Қытайдың, АҚШ-тың және Иранның ғалымдары бірауыздан коронавирустың ауыр өтуі мен адамның қан тобының арасында байланыс бар деген тұжырымға келген. Бұл туралы The New England Journal of Medicine ғылыми журналында жария болды.

 Кронавирусқа қарсы қай қан тобы қауқарлы?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Зерттеу барысында  қаны екінші топқа жататын адамдар арасында коронавирус дерті қатты асқынғандар саны көп болып шыққан. Қаны үшінші және төртінші топқа жататындарда асқыну, аурудың ауыр түріне шалдығу жағдайы екінші топтағылардан әлдеқайда төмен болған. Ал қаны бірінші топқа жататын адамдарда коронавирус тудырған ауыр дерт сирек кездескен.  

Дегенмен ғалымдар науқастардың созылмалы ауруларының бұл құбылысқа қаншалықты әсер ететінін зерттемегенін, сол себепті зерттеу нәтижелерін түпкілікті қорытынды деп қабылдауға болмайтынын айтуда.

Бұған дейін Саутгемптон Университетінің ғалымдары коронавирустан өз бетінше емделуге арналған ингалятор жасап шығарғандарын мәлімдеген болатын. Бұл құрылғы аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда қолдануға арналған. Британ ғалымдары  дәріні өкпенің ең алыс қуыстарына шаша алатын  ингалятормен  емдеуді ерте бастаса, аурудың асқынуын тоқтатуға болады деп санайды. Жақын уақытта бұл препарат бірнеше елде сынақтан өтпек.

 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу