«Крокус сити холлдағы» теракт құрбандарының саны 115-ке жетті
Подмосковьедегі «Крокус сити холлда» болған терактіде қаза болған құрбандардың саны 115-ке жетті.
Алматы, NEGE. Үйінді астынан тағы бір адамның денесі табылды. Бұл туралы ТАСС жазды.
«Крокус Сити Холл» концерт залында жасалған лаңкестік орнында төтенше қызметтердің үйінділерді талдауы кезінде қаза тапқандардың денелері табылды. Осылайша, қазір қаза тапқандар саны 115 адамға жетті. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің хабарламасында.
Бұған дейін ФҚҚ 11 адамды, оның ішінде «Крокус Сити Холлда» шабуылға тікелей қатысы бар 4 террористің ұсталғаны жөнінде баяндаған болатын.
Еске сала кетсек, кеше түнде Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, камуфляж киген адамдар оқ жаудырған еді. Соңғы мәліметтерге назар салсақ, терактіде қаза тапқандар саны 60-тан асса, 100-ден аса адам жарақат алған.
Осыған байланысты Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.
Сондай-ақ бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен шұғыл жиын өткізді.