USD
USD
USD

Кристиан Эриксенге жүрек-тамыр құрылғысы қажет

Еуропа чемпионатының матчінде талып құлаған Дания құрамасының футболшысы Кристиан Эриксенге жүрек-тамыр құрылғысы қажет. Бұл туралы құраманың дәрігері Мортен Боэсен мәлім етті, – деп хабарлайды РИА Новости

Кристиан Эриксенге жүрек-тамыр құрылғысы қажет
Фото: NEGE.kz

.

«Кристианның жүрегіне бірнеше рет сынама жасалғанан кейін, оған жүрек-тамыр құрылғысы (ICD) қажет деп шешілді. Бұл құрылғы инфаркттан кейін жүрек соғысының бұзылуына байланысты қажет. Кристиан шешім қабылдады. Жоспарды ұлттық және халықаралық мамандар да растады. Олардың бәрі бірдей емделуді ұсынды», – деп жазды Sky Sports басылымы Боэсеннің сөзін келтіріп.

Дания құрамасы 12 маусымда Финляндиядан 0:1 есебімен ұтылған еді. Бірінші таймның соңында 29 жастағы Эриксен құлап, есінен танып қалған. Бірнеше минут бойы дәрігерлер ойыншыға алғашқы көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасаған. Кейін футболшы ауруханаға жеткізілген. Ойын уақытша тоқтап, кейін қайта жалғасқан болатын. Ойыншы әлі ауруханада.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors