USD
USD
USD

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды, деп хабарлады Prosports.kz. 

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Роналду бұл турнирде бес гол соққан, бәрі де топтық кезеңде. Венгрия мен Франция құрамаларына екі, Германия қақпасына бір доп салған.  Чехия құрамасының форварды Патрик Шиктің де еншісінде бес гол бар. Бірақ Роналду одан қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұр.

Португалия капитаны бір нәтижелі пас берген. Оның үстіне, Роналду Шикке қарағанда аз ойнаған. Сонымен қатар Франция құрамасының шабуылшысы Кәрім Бензема, швециялық Эмиль Форсберг, ағылшын Харри Кейн мен бельгиялық Ромелу Лукака биылғы құрлықтық жарыста төрт голдан салған.  

Еске салайық, Еуро-2020 турнирі 11 маусым мен 11 шілде арасында өткен. Турнир жеңімпазы – Италия құрамасы. Команда финалда Англия құрамасын пенальти сериясында жеңген болатын.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай