USD
USD
USD

Криштиану Роналду әлем чемпионатына бір апта қалғанда ауырып қалды

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду Ағылшын премьер-лигасындағы 16-турда "Фулхэмге" қарсы матчқа қатыса алмайды, деп хабарлады vesti.kz.

Криштиану Роналду әлем чемпионатына бір апта қалғанда ауырып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Роналду осыған дейін Лига кубогіндегі "Астон Виллаға" қарсы ойынға қатыса алмады. Бұл кездесуден кейін "МЮ" бас бапкері Эрик тен Хаг Криштиану "Фулхэмге" қарсы ойынға қатысады деген еді.

Бірақ португалиялық шабуылшы ауырып қалыпты. Енді оның қатарға қашан қосылатыны белгісіз болып тұр. 

Айта кетейік, Роналду келесі аптада Португалия құрамасымен әлем чемпионатына қатысу керек. Топтық кезеңде Португалия Гана, Уругвай және Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі. 

Әлем чемпионаты 20 қараша басталып, 18 желтоқсан күні мәресіне жетеді. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес