USD
USD
USD

Криптовалютадан ақша тапқысы келіп, алаяқтың құрбаны болды

Тағы бір қазақстандық алаяқ құрбаны болды. 

Криптовалютадан ақша тапқысы келіп, алаяқтың құрбаны болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбелік криптовалютадан ақша тапқысы келіп, алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полицияның кезекші бөліміне Ақтөбе қаласының 21 жастағы тұрғыны белгісіз біреудің алаяқтық жолмен ақша қаражатын иемденгені туралы арызданған. Жәбірленуші «Telegram» мессенджеріндегі арнадан криптовалюта табысы туралы хабарландыру тапқанын айтқан. Сатушы мен сатып алушы арасындағы хат алмасу мессенджерде жалғасқан.

Сатушы ақша аударғаннан кейін бірден екі еселенген соманы алады деп сендірген. Қала сыртында кездесіп, жәбірленуші 3 миллион теңгені күдіктіге өзі берген. Алайда, ақша алғаннан кейін сатушы байланысқа шығуды тоқтатқан. Осы факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен, крипто-алаяқтықты қалай тануға болады? Кепілдендірілген пайда туралы уәде. Ешқандай инвестиция үшін кіріске кепілдік беру мүмкін емес: олардың нарықтық құны өсуі де, төмендеуі де мүмкін. Кепілдендірілген кірісті уәде ететін кез – келген ұсыныс күдік тудыру қажет.

Қазір оқып жатыр

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»