USD
USD
USD

Криминалдық полиция: қазір эротикалық массаж жасатуға болмайды

Алматы қаласының криминалдық полициясы карантин кезінде тыйым салынғанына қарамастан, тәулік бойы жұмыс істеп келген массаж салондарын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция: қазір эротикалық массаж жасатуға болмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаланың екі орталық ауданында орналасқан. “Массаж салондарының басшылары мен олардың қызметкерлері массаж қызметін көрсетуді жалғастырды және карантин кезінде клиенттерді қабылдады. Бұл күндері олардың бизнесі “жасырын” жұмыс істеді: есіктер тек сенімді клиенттерге және тек алдын-ала жазылу арқылы ашылды. Белгілі болғандай, мұнда емдеу массажы емес эротикалық массаж жасалды. Екі салонның да иелері бірден әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылды: ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы – төтенше жағдай режимін бұзу және ҚР ӘҚбК-нің 450-бабы – жезөкшелікпен айналысуға үй-жай беру немесе жеңгетайлық. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін массажшыларда заңға сәйкес жауап беруі керек. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жолданды”, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы Жанболат Зиадин.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Каспий теңізінде қаза болған әскерилердің туыстарына көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әзербайжан тарапы қазақстандықтарға әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Қазақстан мен Әзербайжан туы

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Қанат Бозымбаев

Каспийде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Құрылтай сайлауы