USD
USD
USD

Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) мамандары мұсылмандардың өзге діндердегі діни рәсімдерге қатысуына қатысты пікір білдірді. 

Крещение мерекесі
Фото: sescao.ru

Алматы, NEGE. Православ христиандарының Крещение мерекесіне мұсылмандардың қатысуын шариғат құптамайды, бұл исламның қағидаларына қайшы. Сонымен қатар мұндай әрекет «күнә» болып есептеледі.

«Ислам дінінде біздерге Алланың елшісі Мұхамед (с.ғ.а.) бекітіп берген белгілі бір мереке күндеріміз бар. Өзге дін өкілдерінің де мерекесіне ешқандай қарсылық пен кедергі жасауымызға болмайды. Бірақ олармен бірге тойлауға рұқсат етілмейді. Өйткені пайғамбарымыз: «Кім қай қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан», - деген. Мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады», – деді ҚМДБ Жетісу облысы бойынша шәриғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Қамит Табарак.

Естеріңізге сала кетейік, 19 қаңтар – православ христиандарының «Крещение Господне» мейрамы. Православ дінін ұстанушылардың сөзінше, осы күні жер бетіндегі барлық су атауы жаңарып, тазарады екен.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі