USD
USD
USD

Крематорийде орын жетіспей жатыр

 Чехиядағы крематорийлер коронавирус құрбандарына толып қалды. Мәйіт өртейтін мекемелер мұздатқышы бар жүк көліктерін әкеле бастаған.

Крематорийде орын жетіспей жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл елде кремация кең таралған. Қазір Чехияда 27 крематорий бар. Острава қаласындағы мӘйітханаға күніне жүзден астам табыт әкелінеді. Мұнда 3 пеш күні-түні тоқтамай жұмыс істеуде. Сонда да крематорийлерге 2 аптаға дейін кезек орнаған. 10 миллионнан астам адам тұратын Чехияда күніне 17 мың адам коронавирус жұқтырады. Індет басталғалы қайтыс болғандар саны 12 мыңнан асқан. Иво Форманчик, крематорий директоры: - Біздің крематорий 1 миллион адам тұратын аймақта жалғыз тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Оған техникалық қызмет көрсетілмегеніне 2 жарым айдан асты. Айына мыңға жуық мәйіт өртеледі. Крематорий істен шыға ма деп те қорқамыз.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy