Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Кредитін жапқан 1,5 млн адам «қара тізімнен» шыға алмай жүр

Кредитін жапқан 1,5 млн адам «қара тізімнен» шыға алмай жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кредитін жапқан 1,5 млн адам «қара тізімнен» шыға алмай жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұрлан Абдрахманов банк алдындағы өтеу мерзімі өткен қарызынан әлдеқашан құтылған адамдардың несие тарихы бұзылғаны туралы ақпарат күні бүгінге дейін жаңартылмағанын айтты.

Еліміздегі 2 кредиттік бюро 6,7 млн-ға жуық борышкерге қатысты мәліметті жинақтап отыр. Осының ішінде 1,5 млн адам банк алдындағы міндеттемесінен біржола құтылған. Алайда олардың несие тарихы тазаланбаған.

«Бұл адамдар төлеу мерзімін 90 күннен асырып алып алған. Банктер мен микроқаржылық ұйымдар оларға қарыз бермейді. Мәселе несие тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарған кезде шешіледі», – деді Нұрлан Абдрахманов.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев туралы мардымды монография жоқ – тарихшы

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 637 млрд теңгеден асты

Инвестиция

Temu Венгрияда сатып алушыларға психологиялық қысым көрсеткені үшін айыпталды

Temu

Қазақ тарихы қайта жазылды. Енді оқулықтар өзгере ме?

Сәбитов, Әуеспекова