USD
USD
USD

ҚР Ұлттық банкі айырбастау пункттеріндегі жағдайға түсінік берді

Қазақстан Ұлттық Банкі айырбастау пункттері мен екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаларды сатуға немесе беруге қойылатын шектеулерге қатысты өтініштердің өсуіне байланысты Қазақстан Республикасында шетел валютасындағы операциялармен шектеулер туралы қаулылар немесе өзге де заңға тәуелді актілер қабылдамағанын хабарлады, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық банкі айырбастау пункттеріндегі жағдайға түсінік берді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. «Қолма-қол шетел валютасын беруде туындаған қиындықтар, бірінші кезекте, халық тарапынан сұраныстың артуымен, сондай-ақ шиеленіскен геосаяси жағдай аясында Қазақстанға басқа елдерден қолма-қол шетел валютасын жеткізудегі логистикалық қиындықтармен байланысты.

Осы жағдайды ескере отырып, Ұлттық банк Федералды резервтік жүйеден – АҚШ Орталық банкінен қолма-қол шетел валютасының қосымша көлемін жеткізу мәселесін белсенді түрде пысықтауда. Сондай - ақ, доллар түріндегі қолма-қол ақшаны уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету үшін көлік компанияларымен барлық қажетті келісімдер бар екенін хабарлаймыз», - деді банктің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Бибісара Асаубаева азаматтығын ауыстырмақ па: Спорт министрлігі жауап берді

Бибісара Асаубаева

Бектенов халықтың нақты табысы неге төмендегенін айтты

Мәжіліс

«77 адамға 1,8 млрд теңге шығын келтірген»: күдікті Қырғызстаннан жеткізілді

экстрадиция

Министр Ресейдің бензинге қатысты өтініші туралы мәлімдеме жасады

.