USD
USD
USD

ҚР ҰҚК Қырғызстанның Ішкі істер министрлігімен бірлесіп халықаралық есірткі тасымалының жолын кесті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара әрекеттесе отырып, ТМД елдерінің аумағында таралып келген психотроптық заттардың ірі өндірісін жою бойынша операцияны іске асырды.

ҚР ҰҚК Қырғызстанның Ішкі істер министрлігімен бірлесіп халықаралық есірткі тасымалының жолын кесті
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. ҰҚК жедел қызметкерлері зерделеу барысында Қырғызстан Республикасындағы ірі есірткі лабораториясының жұмысы туралы ақпаратқа қол жеткізді. Халықаралық өзара әрекеттестік аясында жедел ақпарат әріптестерге жолданды.

Нәтижесінде 2023 жылғы 29 шілдеде Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Бішкек қаласының маңында синтетикалық есірткінің дайын партиясын тасымалдау үстінде жергілікті есірткі қылмысына қатысы бар топтың көшбасшысын және оның екі көмекшісін қолға түсірді.

Тінту кезінде 30 келі «мефедрон», 2.2 тонна прекурсорлар, сонымен қатар есірткі өндіретін құрылғы табылып, тәркіленді.

Шет елдердің құзыретті органдарымен өзара әрекеттесе отырып халықаралық есірткі трафигі арналарын анықтау мен жолын кесу жұмысы жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті