USD
USD
USD

ҚР Үкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша 30 млрд теңге бөлді

ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін резервтен 30 млрд теңге бөлді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл шара мал өсірушілер алдындағы субсидиялар бойынша берешекті өтеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

ҚР Үкіметі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қосымша 30 млрд теңге бөлді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатта Ауыл шаруашылығы министрлігіне Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділік пен өнім сапасын арттыруды субсидиялауға нысаналы трансферттер түрінде 30 млрд теңге бөлу туралы жазылған.

Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігіне ең көп қаражат – 7,8 млрд теңге бөлінді. Жамбыл облысына 5 млрд теңге, ШҚО-ға 4,5 млрд теңге, БҚО мал өсірушілеріне 1 млрд теңге бағытталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажетті шараларды қабылдау, ал Қаржы министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау тапсырылды.

Жалпы биыл агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға Үкімет барлық көздерден 494 млрд теңге бөлді. Жақын арада инвестициялық субсидиялауға және несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 30 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы