USD
USD
USD

ҚР Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті.

ҚР Сыртқы істер министрі ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінде елдеріміз арасындағы қатынастар барлық бағыттар бойынша стратегиялық әріптестік пен одақтастық бағытында қарқынды дамып келеді. Қарқынды саяси диалог жолға қойылған. Екі елдің Қауіпсіздік Кеңестері деңгейінде парламентаралық ынтымақтастық серпіні қолдау табуда, терең экономикалық байланыстар орныққан. Экономикалық интеграция процесі жүйелі түрде алға жылжып келеді. Әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нәтижелі дамуда, өңіраралық байланыстар кеңеюде», - деді кездесуді ашқан Мұхтар Тілеуберді.

ҚР СІМ басшысы Қазақстан жоғары деңгейдегі барлық уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

«Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін талқылауға дайынмын. Алдағы жылға өңірлік және жаһандық саясаттың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Өз кезегінде Сергей Лавров қазақстандық тараптың қонақжайлық танытып пен жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.

«Біз соңғы екі жылда президенттеріміз қол жеткізген келісімдерді орындау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Бірақ қазір, әрине, жаңа міндеттер пайда болды. Өйткені уақыт бір орында тұрмайды. Президенттер екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің қандай да бір мәселелеріне деген көзқарастарды үнемі салыстырып отыруды жалғастыруда. Сондықтан біздің министрліктер желісі бойынша бірлескен жұмысымыздың жүйелі болуы өте қмаңызды» - деді ресейлік министр.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру