USD
USD
USD

ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қашан басталады?

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазанда сағат 18:00-де аяқталады.

ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну қашан басталады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннің келесі күнінде басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

ҚР азаматы болуы;

ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;

Жоғары білімінің болуы;

Жасы 40-қа толған болуы;

Белсенді сайлау құқығының болуы;

Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», - дейді К. Петров.

Оның айтуынша, әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити