USD
USD
USD

ҚР Президентінің өкілеттілігі қалай өзгереді?

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформалардың негізгі 10 бағытын айқындады. Мемлекет басшысының өкілеттілігін қайта қарауға бағытталған Конституцияға өзгерістер туралы Әділет министрі Қанат Мусин баяндады.

ҚР Президентінің өкілеттілігі қалай өзгереді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оны биыл сәуір айының соңында аяқтау жоспарланып отыр.  

 «Жолдауда келесі бағыттар айтылған.Мемлекет басшысының саяси партиялардағы мүшелігіне оның президенттік кезеңінде тыйым салуды белгілеу. Осылайша, мемлекеттік аппаратты партиялық құрылымдармен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл тыйымның алғышарты кезекті съезд барысында Amanat партиясының төраға қызметінен кету ниеті туралы Президенттің мәлімдемесінен болды. Мұндай тыйымның Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті және Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелеріне, әкімдер мен олардың орынбасарларына да қатысты болатынын жеткізді. Бұл жаңалық барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсерін тигізіп, саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасайды», - деді министр. 

Қ.Мусин түсіндіріп өткендей, «Екінші республика» сөзінің мағынасы мемлекеттік құрылымның өзгеруі, жаңа саяси модельге көшу дегенді білдіреді. Суперпрезиденттік басқару формасынан мықты парламенті бар президенттік формаға өту. Бұл болашағымыздың жаңа қоғамдық құндылықтарынан құрылған  нақты образ. Министр оған Президент атаған реформалар арқылы жететініміге сенімін білдірді.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич