Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚР президенті жанындағы ОКҚ директоры ауысты

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры ауысты, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

ҚР президенті жанындағы ОКҚ директоры ауысты
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Мемлекет басшысының басқа өкімімен «Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды».
Еске салсақ, Талғат Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне 2019 жылдың шілдесінде тағайындалды.
Руслан Әлішев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2019 жылдың сәуірінен бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, оған дейін 2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың сәуіріне дейін ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің «Орталық коммуникация қызметі» РМБ басшысы болған, оның алдында 2016 жылдың қыркүйегі мен 2018 жылдың мамыры аралығында – ҚР ақпарат және коммуникация министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болған.

Қазір оқып жатыр

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек

Қостанай облысында Тобыл өзеніне ер адам мен кәмелетке толмаған қыз батып кетті

.

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.