Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Құрметті отандастар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Асыл дініміз бен салт-дәстүріміздің сабақтастығын бекемдеп, рухани құндылығымыздың ажырамас бөлігіне айналған қастерлі мейрамның күллі мұсылман әлемінде алатын орны ерекше.

Тарихымызбен тамырлас, танымымызбен өзектес Құрбан айт Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейді.

Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашады. Бүгінде жалпы адамзатқа ауыр салмақ салып отырған қауіпті індетті жеңіп шығу үшін бізге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажет.

Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды.

Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

«Сабыр – сәулетті байлық» дейді халқымыз. Рухы асқақ ел ретінде барлық сынақты еңсеретінімізге сенемін. Әр шаңыраққа құт-береке тілеймін! Халқымыздың амандығы үшін шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

Қазір оқып жатыр

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты