20 Маусым 13:39
...

Парламент депутаттары 2021 жылға арналған бюджетті қабылдады

Фото:

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, NEGE. Осы мәселе бойынша негізгі баяндаманы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады.

«2021 жылы ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ға, құрылыс индустриясы – 7,6%-ға, көлік – 3,6%-ға, сауда – 9,2%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5%-ға өсті. Инфляция деңгейі 8,4% құрады (мақсатты дәліз 4-6% орындалды). Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Спикердің айтуынша, республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды. Түсім 100,8 пайызға орындалып, 12,7 трлн теңгеге жетті. Шығындар 99,2 пайызға игеріліп, 15,2 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызына жетті.

«Жалпы, мемлекет әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындады», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Тегтер: