Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі: Ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды

Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі: Ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан ҚАРИН әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Өткен жексенбі күні, яғни 13 тамызда еліміздің 7 облысында 17 ауылдың әкімі сайланды.

Соңғы екі жылда Президенттің саяси реформалар бағдарламасы аясында ауыл әкімдерін халықтың өзі тікелей сайлайтын болды. Осы уақытқа дейін 1 668 ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала әкімдері сайланды.

Үміткерлердің 75 пайызын саяси партиялар ұсынса, қалған 25 пайызы – өзін-өзі ұсынушылар.

Сондай-ақ сайланған әкімдердің жартысынан астамы (57,4%) бұрын мұндай қызмет атқармаған. Бұл ауыл әкімдерінің корпусы айтарлықтай жаңарды деген сөз.
Бұдан бөлек жергілікті әкімдердің құрамы да біршама «жасарды». Бүгінде сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жасты құрайды.

Алдағы жексенбіде, 20 тамыз күні 3 облыстағы 21 ауыл әкімінің сайлауы өтеді. 2023 жылдың соңына дейін барлығы 199 елді мекенде жаңадан әкімдер сайланады.
Солайша, ауыл әкімдерін сайлау еліміздің саяси өмірінде қалыпты құбылысқа айналды».

Қазір оқып жатыр

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark