ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттігі өзгерді
ҚР Мемлекеттік хатшысының өкілеттігі кеңейтілді.
Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының 25 қаңтардағы № 787 Жарлығына сәйкес Мемлекеттік хатшы мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Саяси партиялармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасы басшысының саяси партиялармен қатынасындағы мүддесін қорғайды;
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты кеңесінің қызметін үйлестіреді;
Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жұмысын үйлестіреді. Мемлекеттік хатшы сондай-ақ:
Қазақстан Республикасы Президентіне ішкі саясат бойынша стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жетекші мемлекеттік құрылымдарда және халықаралық платформаларда оның мүддесін қорғайды; Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-гуманитарлық салалар бойынша: білім, ғылым, мәдениет және спорт мәселелері бойынша; Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші органдарда;
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияда;
Мемлекеттік рәміздер және геральдика жөніндегі ведомстволық және оларға теңестірілген басқа да наградалармен марапаттау жөніндегі республикалық комиссияда; шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияда; ғылым және техника саласында Әл-Фараби атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияда;
Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласында Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияда; Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияда;
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияда; Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне және Жастар саясаты кеңесіндегі қызметін үйлестіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.