USD
USD
USD

ҚР КУБОГЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Шымкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан ҚР Кубогының жекелей және топтық көпсайыс бойынша жеңімпаздары анықталды.

ҚР КУБОГЫ БӘСЕКЕСІНДЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Спорт шебері және спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында өткен бәсекеде Шымкент қаласының командасы 1 алтын, 2 күміс жүлдеге ие болды.

Атап айтқанда, спорт шеберлігіне кандидат спортшылар арасында жекелей көпсайыста Шымкент қаласының өкілі Милана Парфилова1-ші орынды иеленді. Нұр-Сұлтан қаласының спортшылары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.

Топтық көпсайыста Шымкент қаласы спортшылары екінші орынға иелік етті.

Сондай-ақ, спорт шеберлері арасында топтық көпсайыс бойынша Шымкент қаласының құрамасы 2-ші орынды жеңіп алды. Ариадна Скворцова, Ұлжан Шалмұханбетова, Зере Әбдісадық, Еңлік Ержанқызы, Айсана Ұлықпанова және Виктория Борисова құрамы бұл жолы екінші орыннан көрінді.

Нұр-Сұлтан қаласы бірінші, Алматы қаласының спортшылары үшінші орынға ие болды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек