Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚР Ішкі істер министрі бірқатар басшыны тағайындады

Ішкі істер министрлігінде ауыс-түйіс болды. 

ҚР Ішкі істер министрі бірқатар басшыны тағайындады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Ішкі істер министрлігінде облыстық полиция департаменті басшыларының орынбасарлары мен аудандық полиция басшысы лауазымдарына үміткерлер қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Арнайы жиында жаңа қызметке тағайындалатын азаматтардың қызмет жолындағы жетістіктері, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігі талқыланды.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:

– Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;

– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;

– Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Есіл» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;

– Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті «Байқоңыр» аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық көлік бағыттарының маңызды бөлігіне айналып келеді

логистика

Каспий теңізі бетін майлы дақ басты: экологтар не дейді?

Каспий

25 тамыздан бастап электросамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

самокат

Стример әйел TikTok-тағы эфирден кейін психикалық ауруханаға жатқызылды

стример