USD
USD
USD

ҚР ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

  Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.

ҚР ІІМ қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Polisia.kz мәліметінше, жыл басынан бері жолда 700-ден астам адам қаза тауып, 7 мыңға жуық азамат жарақат алған. Күн сайын елімізде 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады. Кеше бір тәулікте 39 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 11 адам қайтыс болып, 57 адам жарақат алды. «Зардап шеккендердің көпшілігі – 40 жасқа дейінгі адамдар мен балалар. Бұл біз үшін, еліміздің болашағы үшін орны толмас шығын. Талдау көрсеткендей, жол апаттарының себептері: жылдамдық режимін сақтамау, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету, аударылу, жаяу жүргіншілерді қағып кету болып отыр. Жолда адам өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігі үшін жауапты екенін есте ұстаған жөн. Мәселен, тыйым салынған жерден жүгіріп өтудің өзі сізге оңай болып көрінгенімен, оның зардабы қайғылы. Жылдамдық режимін сақтамау – отбасы үшін қатерлі.

Сондықтан жылдамдық режимін, автокөліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау өте маңызды. Бұл апаттың алдын алуға көмектеседі. Автокөлікті басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тағуды әрдайым қадағалаңыз. Жолдағы қауіпсіздік әрбір адамның жеке тәртібіне байланысты. Апаттың салдары отбасына орны толмас зиян келтіреді. Біз баршаңызды мұқият болуға шақырамыз! Жол қауіпсіздігі әрқашан жолдағы мәдениетке байланысты. Тәртіп өзімізден басталады», – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Атығай Арыстанов. 

Қазір оқып жатыр

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматыда полиция экс-басшысы жүргізушісінің соты басталды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты