USD
USD
USD

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың ревакцинация мәселелерін айқындайтын жаңа қаулысы шықты.

ҚР Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа қаулы бойынша Қазақстан аумағында 3 айдан артық тұрып жатқан, вакцинацияның толық крусын алған шетелдіктер де ревакцинациядан өтуі керек. Олар да алғашқы вакцинаның толық компонентін алған күннен 6 ай өткенде қайта вакциналауға жатады.

«Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын, КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық аяқтап алған шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар КВИ-ге қарсы ревакцинацияға жатады», - деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, бұрын коронавиурсқа қарсы вакцинацияның бастапқы курсын алған жүкті әйелдерді ревакциналау жүктіліктің 16-37 аптасы кезеңінде «Комирнати» (Pfizer, АҚШ) вакцинасын пайдалана отырып жүргізілетіні айтылған.

«КВИ-ге қарсы вакцинацияның бастапқы курсын толық алған КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды КВИ-ге қарсы ревакциналау сауыққаннан кейін 6 айдан кейін жүргізіледі», - деп жазылған Бас санитар қаулысында.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе