USD
USD
USD

ҚР Бас санитар дәрігері карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

ҚР Бас санитар дәрігері карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Жаңа қаулыға сәйкес: «2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:

1) ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

2) букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды;

4) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салуды;

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

6) ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

7) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

8) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектеу арқылы қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

9) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мынаған:

– оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін болатын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;

– 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейін қоса алғанда аралас оқытуға;

– оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-дан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту) ;

– білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

10) колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін екінші семестрден бастап штаттық оқуға рұқсат беруді;

11) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беруді;

12) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, көзбе-көз режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

13) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» және «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

14) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың) қызметіне рұқсат беруді;

15) бір мезгілде 30 адамнан артық емес жинала отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

16) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 7 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету сары немесе жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді;

17) ҚР БМСД №67 қаулысына 46-қосымшаның талаптарын сақтай отырып, білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беруді қамтамасыз етсін». «Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.. Осы қаулы 2021 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді», - деп аталып өткен Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

.

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.