Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері үндеу жасады

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасап, бірқатар кеңес берді.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері үндеу жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Құрметті қазақстандықтар! Соңғы күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалатыны, өздеріңізге белгілі.

Кеше елдің екі ірі мегаполисінде COVID-19-бен сырқаттанушылық ел бойынша анықталған барлық жағдайлардың 55% құрады. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің жоғары болуы қоғамдық орындарға, сауда орталықтарына, базарларға барумен, бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және тағы басқа) өткізумен, қоғамдық көлікте алдын алу шараларын сақтамаумен, сондай-ақ үй карантинін сақтамаумен байланысты.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында өңірлік жедел штабтардың шешімі бойынша бірқатар шектеу шаралары қабылданды.

COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы бүкіл әлемде байқалады. Вирустың жаңа штамдарының таралуымен байланысты коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық тіркелуде. Әлемнің көптеген елдерінде карантиндік шаралар күшейтілуде.

Алдағы мереке және демалыс күндері әрқайсыңызды өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға шақырамын және Сіздерге мынадай кеңестер беремін:

- Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына барудан бас тарту;

- халық көп жиналатын орындарға бармау, мереке күндерін жақын адамдардың арасында өткізу;

- қонақ шақырудан және қонаққа барудан бас тарту;

- жіті респираторлық инфекциялармен ауыратын адамдармен тығыз байланыста болмау;

- әлеуметтік қашықтықты, маска кию режимін сақтау;

- шетелге барудан бас тарту. Барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын және әрбір отбасына зор денсаулық, амандық тілеймін және барлығымыз бұрынғы өмірімізге қайта оралайық!», - делінген ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың үндеуінде.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш