USD
USD
USD

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды

Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды.

ҚР Бас мемлекеттік санитария дәрігері қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді.

Ерлан Қиясов 1973 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы жедел жәрдем ауруханасының терапия бөлімшесінің санитары болып бастады. 1997-1999 жылдары - Алматы әуе көлігіндегі орталық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының санитария дәрігері, дәрігер-эпидемиологы болды.

1999 жылдан 2020 жылға дейін Президент іс басқармасының медициналық орталығының құрылымында - санитариялық-эпидемиологиялық станцияда жалпы гигиена бойынша санитария дәрігері, жедел бөлім меңгерушісі, санэпидқадағалау басқармасының эпидемиологиялық бөлімінің бастығы, "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" РМК директоры және басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино