Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ҚР АШМ: Жыл басынан бері 18 млн мал тексерілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл басынан бері 18 миллионнан аса малды тексергендерін айтады. Республика бойынша жүргізілген сынама нәтижесінде 33 мың бастан ауру табылған.

ҚР АШМ: Жыл басынан бері 18 млн мал тексерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңағы Ақтөбе өңірінде осындай 2 мыңға жуық жағдай тіркеліпті. «Бірақ бұл салыстырмалы түрде төмен көресткіш», - дейді министрлік өкілдері. Яғни, аурудың тарау деңгейі небәрі 0,2%. Ал, Тасөткел ауылдық округінде 1300-ге жуық ірі қара тексеріліп, оның 69-ынан бруцеллез анықталған. Құзырлы министрлік «көзі жойылған малдың орнына өтемақы төленді», дейді.

ҚР АШМ Ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова: "Мал иелеріне 100% өтемақы төленді. 30%-і жергілікті бюджеттен, 70%-і ет өңдеу кәсіпорындары есебінен жүргізілді. Қазір ветеринарлық мамандар сол ауылдарда түсіндірме жүргізіп жатыр" деді.

Қазір оқып жатыр

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жаңа некесіне қатысты пікір білдірді

Әділет Зейнел