USD
USD
USD

ҚР СІМ Иран-Израиль қақтығысына қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты алаңдаушылық білдірді.

Иран
Фото: DW

Алматы, NEGE. Тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін таңертең Иран Израильге қарай ондаған зымыран мен 200-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған еді. Бұл қақтығысқа 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығына жасалған әуе шабуылы себеп болған. Жарылыс салдарынан Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының бірнеше қолбасшысы, оның ішінде 2 генерал қаза тапқан.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram