USD
USD
USD

ҚР Премьер-министрі Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Аяулы аналар! Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» деген даналық сөз бар. Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің бастау бұлағы, шексіз мейірімнің қайнары. Әр шаңырақтың ұйытқысы, жер бетіндегі жақсылық пен әдеміліктің асыл тәжі – әйелдер қауымы ұлағатты ұрпақ өсіріп қана қоймай, елге деген шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетіп келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, бизнес пен спорт, қоғамдық өмірдің және басқа да сан түрлі саласында жүрген аяулы жандардың еңбегі шексіз құрметке лайық. Бұл орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отбасы институтын нығайту, әйелдерді қолдау мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы болып қала бермек.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін.

Көктемнің шуақты күніндей сәулелі сәттеріңіз көп болсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.