ҚР Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы Төралқасында бірқатар өзгерістер болды
Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының атқарушы органы – Федерация Төралқасында бірқатар өзгерістер болды.
Алматы, NEGE. Федерация басшылығы Төралқаға еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі спорт функционерлерін, қоғам қайраткерлері және креативті индустрия өкілдерін шақырды.
Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының жыл сайынғы есеп беру-сайлау конференциясында күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі вице-президенттер мен бас хатшыны сайлау болды.
Федерация Олимпиадалық принциптерді қолдайды және ұйымның бай тарихи сабақтастығы мен дәстүрлерін сақтай отырып, сайланбалы лауазымдарға кандидаттарды сайлаудың демократиялық әдістерін ұстанады.
Қазақстан Республикасы Альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы Төралқасының құрамы:
Федерация президенті Нұрсұлтан Шоқанов – кәсіпкер, қоғам қайраткері. ALATEX компаниялар тобын басқарады, Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП директоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты;
Бірінші вице–президент Ерлан Даримов – қоғам қайраткері, кәсіпкер, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бұрынғы бас директоры;
Альпинизм жөніндегі вице-президент Қазбек Уәлиев – атақты альпинист, Эверест шыңына шыққан алғашқы қазақ, «Хан-Тәңірі» халықаралық альпинистік лагерінің бас директоры;
Спорттық альпинизм жөніндегі вице-президент Бағлан Жүніс – қазақстандық альпинист, кәсіпкер;
Даму мәселелері жөніндегі вице-президент және GR Теміржан Әбдірахманов – «Спорт, денсаулық және экология» ҚБ төрағасы және тең құрылтайшысы, Триатлон федерациясының бұрынғы вице-президенті;
PR және маркетинг жөніндегі вице-президент Азат Әбікен – продюсер, кәсіпкер. Forbes «30 under 30» рейтингінің лауреаты;
Өңірлерді дамыту жөніндегі вице-президент С.Ы.Искакова – Спорттық өрмелеу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының бас бапкері;
Бас хатшы болып ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спорттық альпинизм бойынша штаттық құрама командасының бастығы Нұрсұлтан Алдонғаров сайланды.
Бүгінгі таңда Федерация төрт спорт түрін қамтиды (спорттық құзға өрмелеу, альпинизм, ски альпинизм, мұзға өрмелеу), олардың екі түрі олимпиадалық (спорттық құзға өрмелеу, ски альпинизм).
Соңғы жылдары спорт түрлерінен спортшылар саны 2 есеге өскен.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясының президенті Нұрсұлтан Шоқанов бірқатар басым міндеттерді атап өтті, оның ішінде: халықаралық байланыстарды нығайту, қазақстандық және халықаралық жарыстарды өткізу сапасының стандарттарын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, олимпиадалық лицензияларды иелену, бұқаралық спортты дамыту және Федерацияның тұрақты дамуы.
«Төралқа командасы толығымен жабдықталды, бұл – Dream Team! Бізде Федерацияның әлеуетін ашу үшін барлығы бар: ең керемет спорттық функционерлер командасы, ең мықты спортшылар, үлкен жаттықтырушылар командасы, төрешілер, толық аймақтық қамту, төрт спорт түрі, олардың екеуі олимпиадалық, ал альпинизм – ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы! Бізде терең дәстүріміз, тәжірибе, қуат және шығармашылық бар! Төралқа мен вице-президенттердің осындай мықты құрамы – бұл біздің спортымыздың ұлттық спорт түріне айналу әлеуеті зор екендігінің белгісі және Федерацияға үлкен сенім артылып жатыр! Біз қызықты және сәтті тарихты жасауға қажет нәрсенің бәрі бар!»- деп атап өтті Федерация Президенті Нұрсұлтан Шоқанов.