20 Желтоқсан 13:19
...

Козачков ісі: Жоғары шенді полицей қандай куәгер?

Фото:

Кеше телеграм-каналдардың бірі Алматы облыстық полиция депратаменті басшысының орынбасары Рустам ӘБДРАХМАНОВТЫҢ үйінде және жұмыс орнында тінту жүргізілгенін жазды.

«Кейбір ақпарат көздерінің дерегіне қарағанда, «Адамжегіш» деген лақап атпен танымал Елдос ҚОСПАЕВТЫҢ ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша Алматы облысы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Рустам ӘБДРАХМАНОВТЫҢ үйінде және жұмыс орнында тінту жүргізілген.

Бұдан бөлек, ПД бөлімшелерінің кейбір қызметкерлері мен ІІМ-нің орта буындағы жекелеген басшылары тергелген.

Дереккке қарағанда, ҰҚТ құрбандықтарын таңдаған және үш бағыт бойынша жұмыс істеген:

1. «Торпедолар» қорқытып-үркітумен, физикалық тұрғыда қысым жасаумен айналысқан.

2. Погондағылар дерек жинап, қылмыстық қудалау ұйымдастырған.

3. Қоғамдық пікір қалыптастырып, сотқа және тергеуге қысым жасаған», – деп жазды.

Алайда Алматы облыстық полиция департаменті Р.ӘБДРАХМАНОВТЫҢ үйіне және жұмыс орнына тінту жүргізілгенін жоққа шығарды.

«Бұл істі басқа мемлекеттік орган жүргізіп жатыр. Оған (Р.Әбдрахмановқа – ред.) тінту жүргізілген жоқ, ол күдікті емес. Оның статусы – куәгер. Ол ресми жұмыс істеп жатыр, қызметінен шеттетілген жоқ», – деп жауап берді Алматы облыстық полиция департаменті.

Белгілі журналист М.КОЗАЧКОВ айыпталған қылмыстық іс бойынша жоғары шенді полицияның куәгер ретінде жауап беріп жатқаны расталды. Бірақ куәгердің де екі түрі бар: жай куәгер және қорғануға құқығы бар куәгер.

Қорғануға құқығы бар куәгер мен күдіктінің арасы – бір-ақ қадам. Әбдрахманов жай куәгер ме, әлде қорғануға құқығы бар куәгер ме? Алматы облыстық ПД бұл жағын ашып айтпапты.

Бүгін сағат 15:00-де журналист М.КОЗАЧКОВТЫ тергеу сотына апарады. Оны қамап ұстау немесе үйқамаққа жіберу мәселесі шешіледі.

Естеріңізге салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі журналист М.Козачковты «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты, рейдерлікпен айналысты, мемлекеттік құпияны жариялады» деп айыптаған.

М.КОЗАЧКОВ кеше тергеу изолятиорынан хат жолдап, «Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж.ЭЛИМАНОВТЫҢ әйелі туралы жазғаным үшін менен кек алып жатыр» деп мәлімдеді.

Тегтер: