USD
USD
USD

Қоянбаев тағы бір комедияның тұсауын кесті

Алматыда продюсер Нұрлан Қоянбаевтың «

Қоянбаев тағы бір комедияның тұсауын кесті
Фото: NEGE.kz

My love is Aisulu» фильмінің алдын-ала көрсетілімі өтті. БАҚ өкілдері мен шығармашылық топты жиған миллиардер продюсер ерекше қуанып, ағынан жарылды.

Алматы, NEGE. Оқиға желісі Айсұлу есімді қыз бен қарапайым жұмысшы Санжар арасында өрбиді. Ұшақтағы таныстық зиянсыз өтіріктен бастау алып, Америкада жалғасын табады. Ақ көңіл Санжар шындықты айтуға қанша қамданса да, реті келмей өтірікке өтірік жалғанады. Ақыр аяғы Айсұлу Санжардың Америкада кино түсірмейтінін, олар арасындағы қарым-қатынас өтірікке толы болғанын байқап қалады.  Романтикалық комедия жанрында түсірілген туынды Қоянбаевтың өзге фильмдеріне ұқсамайды. Бұл жолы продюсер заманауи әзілмен қатар астарлы ой тастауға тырысқан сыңайлы. 

Фильм режиссері Дархан Саркенов Қоянбаевпен алғашқы жұмысын ерекше бағалады. Продюсерден мол тәжірибе алдым, қызықты сәттер көп болды дей жөнелді.

Шағын актерлық құраммен жұмыр дүние жасаған шығармашылық топтың еңбегін халық береді. Десе де «ештенені» көріп тұрып, ештеңе демей тұра алмадық. Субтитрда бірнеше жерде грамматикалық қатеге көз түсті. Оны үлкен прокатқа шығарар алдында түзеп жіберсе, қандай керемет еді. Сосын ауыз толтырып голливудтық актерлар қатысты деп айтайын десек, жылт еткен бейне болмаса басты кейіпкерлермен диалог жоқтың қасы. Есесіне ат жалын тартып мінген қазақ баласының тақымы мықты болу керегін сюжет арқылы жақсы көрсеткен.

 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.