USD
USD
USD

Ковидтік «жасыл куәліктерді» жасап, сатқан алаяқтар ұсталды

 Италия полициясы ковидтік «жасыл куәліктерді» қолдан жасап, сатып келген қылмыстық топтың жолын кесті.

Ковидтік «жасыл куәліктерді» жасап, сатқан алаяқтар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар Telegram әлеуметтік желісін пайдаланған. Қаскүнемдер вакциналау туралы куәліктен басқа тестінің теріс нәтижесін және антиденелердің бар екендігін айғақтайтын жалған құжаттарды рәсімдеп, адамдардың мейрамхана, музей, бассейн, спортзалдар мен қоғамдық көлікке кіруіне жағдай жасаған. Полицей мамандар 30-дан астам Telegram каналды бұғаттаған. Вакциналау туралы куәлік 160 еуроға сатылған. Бұл шамамен 80 мың теңге. Осы іске байланысты 4 күдікті қамалды, екеуі кәмелеттік жасқа толмаған балалар.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев