USD
USD
USD

Ковид ауруханаларында төсек-орын саны көбейді

Алматыда коронавирус жұқтырған 1 350 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Ковид ауруханаларында төсек-орын саны көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 057 адам коронавирус жұқтырған.

Барлық емделіп шыққандар – 141, келіп түскені – 253.

«Инфекциялық стационарларда 1350 адам бар. Оның ішінде 187 бала емделуде. Төсек-орын саны 3 310- ға дейін артты», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 71 адам жатыр.

Ал 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 25 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 10 185 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 9 644 науқас.

541 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті