USD
USD
USD

Көтерілісшілер Сирияны 30 жыл басқарған экс-президенттің табытын өртеп жіберді

Сирияға басып кірген көтерілісшілер Асад отбасына тиесілі орындарды қиратып жатыр. 

Сирия
Фото: Aaref Watad/AFP/Getty

Алматы, NEGE. Көтерілісшілер Сирияның биліктен қуылған президенті Башар Асадтың әкесі, әрі елдің экс-президенті Хафез әл-Асадтың кесенесіне кіріп, табытын өртеп жіберді.

Бұл мәліметтерді Ұлыбританияда орналасқан Сирия адам құқықтарын бақылау орталығы (SOHR) растады.

An-Nahar газетінің хабарлауынша, кесене қаланың көрікті жері саналған. Онда Хафез Асадтан басқа оның әйелі Аниса мен үлкен ұлы Базил жерленген.

Хафез әл-Асад 1970 жылы төңкеріс нәтижесінде билікке келгеннен кейін отыз жыл бойы елді басқарды. Ол 2000 жылы жүрек талмасынан қайтыс болғанға дейін билікте болды.

Хафез әл-Асад қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Башар Асад Сирияның басшысы болды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 желтоқсанда «Хайят Тахрир аш-Шам» содырлар тобы Сирия астанасы Дамаскіге басып кірді. Кейіннен Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін мәлімдеді. Сириядан кеткен Башар Асадтың отбасына Ресейдің саяси баспана бергені белгілі болды. 

Президент сарайы тоналды. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда сарайдан жиһаздар мен кілемдерді алып жатқан адамдарды көруге болады.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев