USD
USD
USD

Костенко шахтасында 25 кенші әлі табылған жоқ – АМТ

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Костенко шахтасында 25 кенші әлі табылған жоқ – АМТ
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE.  Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 25 шахтер әлі табылған жоқ. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ хабарлады.

"АрселорМиттал Теміртау" жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

"Бүгін таңертең Костенко шахтасында болған апат туралы хабардан кейін "АрселорМиттал Теміртау" қызметкерлерінің бастан кешкен мұңы мен қайғысын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл – әріптестердің отбасы үшін, бәріміз үшін үлкен қайғы. Шахтада құтқару жұмыстары жалғасуда, 25 шахтер әлі табылған жоқ, 21 кеншінің қаза тапқаны расталды", - делінген компанияның сайтында жарияланған хабарламада.

Компания барлық зардап шеккен қызметкер кешенді күтім мен оңалту көмегін алатынын атап өтті.

"Біздің күш-жігеріміз дәл осыған, сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастыққа бағытталған", - деді компаниядағылар.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаға барғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park