USD
USD
USD

Костенко шахтасы жабылатыны рас па? – әкім жауап берді

Кеншілер мен металлургтер тарапынан «АрселорМиттал» кеткеннен кейін кейбір шахталар жабылады деген қауесет тарады. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен брифингіде жұмысшылардың бұл болжамын жоққа шығарды

Костенко шахтасы жабылатыны рас па? – әкім жауап берді
Фото: NEGE.kz

. 

Алматы, NEGE. «Барлық 8 шахта жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда 4 шахта толық көлемде жұмыс істеп жатыр. Қалғандары әртүрлі себептерге байланысты тоқтап тұр. Дайындық жұмыстары жүргізілуде, «Қазақстан» шахтасында әлі де жұмыс жүріп жатыр. Костенко шахтасында тергеу аяқталған жоқ. Мамандардың бағалауы бойынша, бұл шахтаның жұмысын қалпына келтіру үшін тағы 2,5 ай қажет. Шахталардың жабылатыны туралы сөз болған емес. Ол туралы нақты айта аламын», - деді облыс әкімі.

Айтуынша, компанияның жаңа басшыларының алдына өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты қаражат салу жөнінде шарттар қойылмақ. Бұл мемлекет тарапынан қойылатын басты талаптардың бірі болады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар