USD
USD
USD

Костенко атындағы шахтадағы жағдай әлі де қауіпті - Геннадий Силинский

Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметтерінің Республикалық орталық штабы Қарағанды филиалының директоры Геннадий Силинский шахтадағы апат салдарына қатысты түсінік берді, деп хабарлады Kazinform

Костенко атындағы шахтадағы жағдай әлі де қауіпті - Геннадий Силинский
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. «Қазір үш міндетті шешіп жатырмыз. Біріншіден, шахтадағы апатты учаскедегі өртті сөндіру жалғасып жатыр. Сонымен қатар, зардап шеккендер қауіпсіз жерге көшірілуде. Бұдан бөлек, шахтаның шығыс бөлігінде қалып қойған кеншілерді іздестіріп жатырмыз», - деді Геннадий Силинский.
Оның айтуынша, шахтадағы жағдай әлі де қауіпті. Себебі ол жерде жинақталған газ жарылып, көміртек тотығы таралған.
«Сондықтан тиісті іс-қимылдар жасалып жатыр. Бірақ әлі де қауіп бар. Қазір болжам айту қиын. Шахтаның ішінде құбырдағы ақау салдарынан, газға қатысты ахуал қиындауы мүмкін. Жақын арада апатты учаскеден зардап шеккендерді эвакуациялауды аяқтаймыз. Осыдан кейін бар күш-жігерімізді өртті сөндіруге жұмылдырамыз», - деді филиал директоры.

Оның айтуынша, апат себебін үкіметтік комиссия анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары