USD
USD
USD

Костенко шахтасы тексерілді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев пен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Кеңгірбай Есенеев «Karaganda Komir» ЖШС-нің Костенко шахтасына барды.

Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана, Nege. ТЖМ мәліметінше, сапар барысында вице-министр жер асты жұмыс орындарында персоналды іздеу және позициялау жүйесімен, жер асты объектілерімен радиобайланыс жүйесімен және ауаны газбен мониторинг жасау жүйесімен танысты. Сондай-ақ АСМО медициналық тексеру бөлмесін және шахта мұражайын аралап көрді.

«Арнайы назар 47К1-з қабатындағы +110 лава жұмысына аударылды. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – кәсіпорынның қызметімен танысу және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін бағалау болды», – делінген ведомство хабарламасында.

Жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңестер өткізіліп, қауіпсіздікті жақсарту шаралары талқыланған.

Сапар қорытындысы бойынша шахтадағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру жөнінде ұсыныстар берілген.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG