USD
USD
USD

Қостанайға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Аталған қаржы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында «Қостанай» индустриялық аймағын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарладыҮкіметтің баспасөз қызметінен.

Үкімет
Фото: ult.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, 6 млрд 560 млн теңге көлеміндегі қаражат Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға бағытталады. Салынып жатқан KIA автокөлік өндіру зауыты – ең ірі автомобиль жобаларының бірі. Зауыттың жобалық қуаты жылына шамамен 70 мың автокөлікті құрайды.

Инвестор 90 млрд теңге көлемінде қаражат бөлген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары мен инженерлік коммуникациялар жүргізуге 500-ден астам адам жұмылдырылған. Жоба аясында барлығы 1,5 мың жұмыс орнын ашу көзделген.

«Зауыт 2025 жылдың қазан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Кәсіпорын аймақ пен еліміздің дамуына үлкен серпін береді, сондай-ақ өндірісті локализациялау деңгейін айтарлықтай арттырады. Зауыт дәнекерлеу, сырлау және көлік құрастыру сияқты толық циклді негізде жұмыс істейді», делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар