USD
USD
USD

Қостанайдағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала көз жұмды

Қостанайдағы балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 14 жастағы мүгедек бала қайтыс болды. Полиция тексеру жұмыстарын жүрігізіп жатыр.

Мекеме
Фото: 2gis.com

Астана, NEGE. Қайғылы оқиға 28 шілде күні күндізгі ұйқы кезінде болған. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, жасөспірімнің жүрегі тоқтап қалған. Сондай-ақ олар баланың жағдайына аптап ыстық пен бөлмелердегі ауа жетіспеушілігі әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты тексеру басталды.

«Қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деп хабарлады ведомство.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, тәрбиешілер бұған дейін де балалар жатқан бөлмелерге кондиционер орнату мәселесін бірнеше рет көтерген. Дегенмен, басқарма басшысы Динара Қарымсақова орталықта кондиционер жоқ деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ, орталықта тәулік бойы медициналық бақылау ұйымдастырылып, медициналық бекеттер жұмыс істейтінін, ал балалар дәрігерлердің тұрақты тексеруінен өтіп тұратынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Сауда министрлігі: Wildberries-тен Қазақстанда қойма салуға ресми өтініш түскен жоқ

Wildberries

QIC Алматы әуежайындағы үлесін 133 млн долларға сатады

Алматы әуежайы

Қазақстандағы жалғыз арнайы психиатриялық аурухана тексеріледі

Денсаулық

Қытайға белшеден қарыз. Полипропилен НЕГЕ өзін ақтамай жатыр?

.