USD
USD
USD

Қостанайда жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан

Қостанай облысында жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай облысында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жітіқара қаласының 15 жастағы үш жасөспірімін анықтады. Олар өздерінің WhatsApp аккаунттарын телефон арқылы алаяқтық жасайтын адамдарға сатқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, жасөспірімдердің аккаунттарын пайдаланған алаяқтар Қостанай қаласының екі тұрғынын жалпы сомасы 11 миллион 950 мың теңгеге алдаған. Қаскөйлер жәбірленушілерге қоңырау шалып, түрлі сылтаулармен SMS арқылы келген кодты айтуын сұраған. Бұл – классикалық алаяқтық сызбаның бірі: "Сізге код жіберілді, оны айтып жіберіңізші". Кодқа қол жеткізген соң, олар жәбірленушілердің банк шоттарынан қаражатты шешіп алған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмақ. 

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек