USD
USD
USD

Қостанайда жарылғыш зат туралы жалған хабарлама тарады

Қостанайда сауда орталығында жарылғыш құрылғы туралы жалған хабар таратқан жасөспірім анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Қостанай қаласындағы сауда орталықтарының бірінде жарылғыш зат қойылды деген ақпарат бойынша шұғыл тексеріс жүргізілді. Хабарлама жалған болып шықты. Алайда жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтады.

Қостанай облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері телефон қоңырауын жасаған адамның жеке басын анықтап, ол қала мектептерінің бірінде оқитын кәмелетке толмаған жасөспірім екенін анықтады. Жасөспірім заңды өкілінің қатысуымен бұл әрекетті бұзақылық ниетпен жасағанын мойындады.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттің салдары туралы білмеген. Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері ғимарат пен оның аумағын мұқият тексеріп, ешқандай жарылғыш зат таппады. Соған қарамастан, мұндай әрекет ел арасында дүрбелең тудырып, төтенше қызметтердің жұмысын қиындатты.

Қазіргі уақытта балаға қатысты ата-анасының, мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың қатысуымен профилактикалық және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар баланың анасы кәмелетке толмағанды тәрбиелеу міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов