USD
USD
USD

Қостанайда үш көше мен саябақтың атауы өзгертіледі

Көшелерге басқа атаулар беру туралы құжат облыс әкімдігінің сайтында жарияланды.

Көше атауы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Онда шешімнің халықтың пікірін ескере отырып, республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданғаны айтылған.

«Гашек көшесінде орналасқан саябаққа - Ұлы Дала саябағының атауы берілсін. Орал көшесінің атауы Шақшақ Жәнібек батыр, Дзержинский көшесінің атауы Сағадат Нұрмағанбетов атындағы, Железнодорожная көшесінің атауы Бертран Рубинштейн көшесіне өзгертілсін» деп хабарлайды Қостанай облысының әкімдігі. 

Атауларды өзгерту туралы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Саябақ пен көшелердің атауларын өзгертуге қаржы шығыны қарастырылмағандықтан, қала үйлеріндегі тақтайшалар қандай қаражатқа ауыстырылатыны және қалай ауыстырылатыны белгісіз.

14 наурызда өткен Бурабайдағы құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев ономастика саласында тәртіп орнатуды тапсырды. Президент жергілікті билік көшелер мен елді мекендердің атауларын өзгертуде, соның ішінде жерлестік және туыстық байланыстар бойынша атау тағайындауда елеулі жолсыздықтар болғанын атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік