USD
USD
USD

Қостанайда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы беріле бастады

Өңірде облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен су тасқыны салдарын жою жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазды kazinform.

Су
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Қостанай облысының 3 ауданының аумағындағы су тасқынынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия өз жұмысын бастады, олар – Амангелді, Жангелді аудандары және Арқалық қаласы.

Өңір әкімі жедел көмек көрсету, барлық мүмкін ресурстарды тарту бойынша нақты тапсырма берді.

«Үйге жарты сағатқа су кірсе де, бұл отбасылар зардап шекті. Ешкім мемлекеттің көмегінсіз қалмауы тиіс» — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

29 наурыздан бастап ТЖ режимі жарияланғаннан кейінгі күні Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккендерге алғашқы төлем төлене бастады.

Отбасының әрбір мүшесіне 100 мың теңгеден 183 адам төлем алды. Шамамен бір отбасына орта есеппен 500-600 мың теңге бөлінеді.

Барлығы 18 млн теңгеден астам төленді. Бұл төлемдер тұрғын үйді жалға алу, азық-түлік, киім-кешек сатып алу сияқты негізгі қажеттілікті қанағаттандыруға арналған.

Бірінші кезектегі төлемдерден басқа атаулы әлеуметтік көмек, сондай-ақ жылжымалы, жылжымайтын мүлік пен малды қалпына келтіруге қаражат қарастырылған.

Қаржы басқармасының басшысы Алма Жүсіпованың айтуынша, тиісті көмек алу үшін залалды бағалау жөніндегі комиссияға жүгінген жөн.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы