USD
USD
USD

Қостанайда такси жүргізушісін пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасымен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қостанай облысының ПД-да оқиғаның мән-жайын баяндап берді.

6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіре берісте такси жүргізушісінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, оны басқа елді мекенге жеткізсін деген. Такси жүргізушісі полицейлердің қызметтік көлігін көріп, назарын аудару үшін әдейі соқтығысқан. Осы сәтті пайдаланып, ол қауіпсіз қашықтыққа қашып кетті. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады.

«Тонауға оқталу» қылмыстық іс фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомство қақтығыс нәтижесінде ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді.

Қазір оқып жатыр

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою