USD
USD
USD

Қостанайда такси жүргізушісі досымен бірге жолаушыға шабуыл жасады

Қостанайда такси жүргізушісі мен досы жолаушыға шабуыл жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Болған жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға түнде қаланың шағын аудандарының бірінде болды. Екі бейтаныс жігіт зорлық-зомбылық көрсетіп, 650 мың теңге тұратын телефонды ашық түрде ұрлап кеткен.

Белгілі болғандай, ойын-сауық мекемесінде демалып жүрген жәбірленуші таксиге қоңырау шалған. Жүргізуші досымен бірге келіп, сапар барысында жолаушылар арасында жанжал болған. Нәтижесінде такси жүргізушісі мен оның досы жәбірленушіні ұрып-соғып, смартфонды қолды қылған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері қаскүнемдерді, 19 және 22 жастағы екі жергілікті тұрғынды анықтады.

Олар ұрланған телефонды қосалқы бөлшектерге бөліп, 100 мың теңгеге сатып жіберген.

Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сондай-ақ олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам