USD
USD
USD

Қостанайда ірі көлемде ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қостанайда тұрғындардан ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың ақпанына дейін жасалған бірнеше қылмыстық оқиғаны тергеп жатыр.

Қостанай облысы ПД-ның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Қостанай қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Ол екі студенттен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті жәбірленушілерге психологиялық қысым көрсетіп, күш қолданамын деп қорқытқан. Соның салдарынан зардап шеккендер оған 1 миллион теңгеден астам қаражат берген.

Қазіргі таңда күдіктіге тұрғылықты жерден шықпау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігіне сәйкес, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қолданылуы мүмкін. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр: полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да бопсалау деректеріне қатысы бар-жоғын тексеруде.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Болат Ақшолақов

15 жастағы Кәрім Меңдіқанов ресми түрде «Барселонаның» ойыншысы атанды

Кәрім Меңдіқанов

Тоқаев Серік Шәпкеновті Атырау облысы әкімі лауазымынан босатты

Серік Шәпкенов